Әзербайжанда газ өндірісі айтарлықтай өсті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Әзербайжанда 12,4 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9%-ға аз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Trend-ке сілтеме жасап.

Ол кезеңде өндірілген газ көлемі шамамен 11,6 миллиард текше метрді құрады, оның сегіз миллиард текше метрден астамы тауарлық газ. Жыл ішінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 20,2 және 30,3 пайызға артты.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша дайын өнім (мұнай) қоры 219,2 мың тоннаны құрады.

2018 жылы Әзербайжанда 38,76 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндіргенін айта кету керек, бұл шамамен өткен жылғы көрсеткішке тең. Әзербайжандағы мұнай өндірудің негізгі бөлігі «Азери-Чираг-Гюнешли» (АЧГ).мұнай-газ кен орнына түседі.

Әзербайжанда 2018 жылы газ өндіру 30,59 миллиард текше метрді құрады (өсім 7,1 пайыз), тауарлық газ өндіру - 19,2 миллиард текше метр (өсім 5,8 пайыз).

Соңғы жаңалықтар