Әзербайжанда ерекше карантин режимі келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды
15:15, 22 Желтоқсан 2021
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат - Әзербайжанда ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Али Асадов қол қойған Министрлер кабинетінің қаулысында айтылған. Коронавирус инфекциясының таралмауы мақсатында Әзербайжан аумағында ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 наурызы сағат 06:00-ге дейін ұзартылады, делінген қаулыда.
Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанда ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылған еді.