Әзербайжанда ерекше карантин режимі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

None
None
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат - Әзербайжан Республикасында ерекше карантин режимі созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Ел аумағында ерекше карантин 2021 жылдың 1 қыркүйегі таңғы сағат 06.00 дейін күшінде болады.

Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Әли Асадов осыған байланысты жаңа қаулыға қол қойған.

Оған сәйкес, 31 шілде сағат 00.00 бастап 2 тамыз 06.00 дейін, 7 тамыз сағат 00.00 9 тамыз сағат 06.00 дейін, 14 тамыз сағат 00.00 бастап 16 тамыз 06.00 дейін, 21 тамыз 00.00 бастап 23 тамыз 06.00 дейін, 28 тамыз 00.00 бастап 30 тамыз 06.00 дейін қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды, сондай-ақ Баку метрополитенінде жолаушылар тасымалына тосқауыл қойылады.

Аталмыш қаулы 2021 жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар