Әзербайжанда екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласына жақын Хырдалан қаласында жеке үйде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Насиба Зейналова көшесінде болған.

112 жедел желісіне Абшерон ауданының орталығы Хырдалан қаласында 27-ші квартал аумағындағы екі қабатты үйде жарылыс болғандығы туралы ақпарат түскен.

Жарылыстан кейін үй өртене бастаған. Жарылыстан жақын маңдағы ғимараттардың әйнегі сынған. Оқиға орнына ТЖМ күштері тартылды.

Әзірге белгілісі, үйінді астынан екі адам – әйел және бала құтқарылды. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін екенін ескере отырып, құтқару іс-шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар