+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Әзербайжанда Covid-19 вакцинасын тестілеуді 2021 жылдың көктемінде аяқталады

2020 жылғы 20 қараша 19:25
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда Covid-19 вакцинасын тестілеуді 2021 жылдың көктемінде аяқталады

БАКУ. ҚазАқпарат. Әзірбайжанда COVID-19 вакцинасын тестілеу 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігінің Бас инфекционисі Тейяр Эйвазов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Маманның айтуынша, үш-төрт ел Covid-19 вакцинасының үшінші клиникалық сынағын өткізіп жатыр, олар тиімді деп бағаланады.

«Бұл вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға біраз уақыт қажет. Сынақтар сәуір-мамыр айында аяқталуы ықтимал. Содан кейін осы вакцинаның қорытындылайтын арнайы комиссия құрылады. Содан кейін ғана әлемдік деңгейде қолдануға рұқсат етіледі», - деді Авазов.

Сондай-ақ Әзербайжанның медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару жөніндегі бірлестікке (TABIB) қарасты аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес департаментінің директоры Ягут Гараева брифинг барысында вакцинаның қазіргі жағдайына қатысты түсініктеме берді.

«Вакцинаны пайдалану әлі мүмкін емес. Вакцинаны 2021 жылдың сәуірінен ертерек қолдануға болады, сондықтан біз осы қыста карантинде болуымыз керек», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб коронавирустың таралуын және оның ықтимал салдарын болдырмау мақсатында ел аумағында арнайы карантин режимін 28 желтоқсанға дейін ұзартқан еді.

Енді барлық ашық және жабық жерлерде медициналық маска кию міндеттелді. Бұл ретте штаб маска тағу ережесін бұзғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік нормасы қолданылатынын атап өтті.

Сондай-ақ 21 қарашадан бастап демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT