Әзербайжанда бір тәулікте 530 адамнан коронавирус анықталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат –Әзербайжанда 15 қазан күні 530 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзербайжан үкіметі жанындағы Жедел штабтың хабарлауынша, соңғы тәулікте 101 науқас жазылып шықса, 3-еуі көз жұмған.

Жалпы бүгінге дейін елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 43280 адамға жетті, олардың 39671-і дертінен айығып шықса, 619 науқас қайтыс болды, тағы 2990-ы елдің арнайы медициналық мекемелерінде ем алып жатыр.

Жалпы Әзербайжанда COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын 1 201 924 тест алынған.

Айта кетсек, соңғы күндері сырқаттанғандар саны күрт артып кеткен.

Авторы: Бекбау Тайманов


Соңғы жаңалықтар