Әзербайжанда Абай шығармашылығына арналған эстафета жалғасуда

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Баку мемлекеттік университеті түркология кафедрасының доценті, Абай Құнанбаев атындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығының жетекшісі, ф.ғ.к. Фатима Дурсунова Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырды. Ол Абайдың 19-шы қара сөзін оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Абай шығармасынан үзінді оқыған ғалым Фатима Дурсунова эстафетаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына жолдады.

Айта кетейік, Баку университеті жанындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді.


Автор: Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар