Әзербайжанда 6 жасқа толмаған балалар да мектепке қабылданбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдауда кезінде жасқа байланысты шектеу жойылады. Бұл туралы бейсенбіде Әзербайжан парламентінің білім және ғылым комитетінің төрағасы Иса Габиббейлі мәлім етті, деп хабарлайды Тренд.

Иса Габиббейлінің сөзіне қарағанда, алты жасқа толған балалар қай айда туғанына қарамастан, сол жылы бірінші сыныпқа қабылданады.

Осыған байланысты елдің «Білім туралы» заңына да айталықтай өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы өзгерістер бес жастағы балалардың барлығын дайындық топтарына жіберіп, алтыға толатындардың мектеп табалдырығын аттауына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазір Әзербайжанда жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 15 қыркүйекке дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.

 

Соңғы жаңалықтар