Әзербайжанда 5,5 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология орталығы елдің солтүстік-батысында жер сілкінісі бойынша ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап. 

Орталықтың сайты мәлім еткендей, 5,5 балдық жерасты дүмпуі Загатал ауданының аумағында болған.

«Жер сілкінісі 22:40-та 12 шақырым тереңдікте болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, зілзала Арменияның солтүстік-шығысында, Грузия және Дағыстанда сезілген.

Соңғы жаңалықтар