Әзербайжанда 24 наурыздан 20 сәуірге дейін карантин жарияланды

None
None
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат – 3 наурызда Министрлер кабинетінде елдің премьер-министрі Али Асадовтың төрағалығымен отырыс өтті. Жиында елдегі коронавирус инфекциясы талқыланып, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң режим қолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб таратқан хабарламада коронавирус пандемиясының әдемде таралуына қарсы күресте түрлі елдердің тәжірибесі назарға алынғаны айтылған.

Әзербайжан Республикасының «Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, Әзербайжан Республикасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында 24 наурыз 00:00-ден 20 сәуір 00:00-ге дейін карантин режимі жарияланды.


Соңғы жаңалықтар