21.03.2023 22:29 Тәттілер, салт-дәстүр және құндылық - әзербайжандықтар үшін Наурыз мейрамының мәні БАКУ. ҚазАқпарат - Көктемнің келуімен қатар Әзербайжан табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің басталуын бейнелейтін Наурыз байрамын (Наурыз мейрамы) тойлауға кең көлемде дайындалады. Түрлі елдердің ұлттық мәдениеттерін біріктірген мерекенің қалай тойланатыны туралы ҚазАқпарат тілшісінің материалынан оқыңыз.
19.03.2023 13:45 Бакудегі қазақстандықтар сайлау процесінде белсенді - комиссия төрағасы БАКУ. ҚазАқпарат – Бакудегі сайлау учаскісі жергілікті уақытпен таңғы 7-ден бастап жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Әзербайжандағы меншікті тілшісі.
18.03.2023 00:21 Қазақстан мен Әзербайжан СІМ Бакуде кездесті БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен оның әзербайжандық әріптесі Халаф Халафов 16 наурызда Бакуде екіжақты саяси консультациялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
14.03.2023 21:29 Әзербайжанда Наурыз мерекесі қалай тойланады БАКУ. ҚазАқпарат – Бүгін Әзербайжанда Наурыз мерекесі алдындағы соңғы сейсенбі тойланып жатыр, оны Әзербайжан халқы Ахыр чершенбе немесе Торпаг чершенбеси деп атайды. Мереке несімен қызық екенін ҚазАқпаратың Әзербайжандағы тілшісінің материалынан оқыңыз.
13.03.2023 13:35 Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа моделі жоғары тиімділік береді – халықаралық сарапшы АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдегі сұраныс пен ұсыныста орын алған инфляция салдарынан қалыптасқан жаңа үлгідегі дағдарыс елдерді экономиканы басқаруда бейімді модель құруға мәжбүрлеп отыр. Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегінен қалыптаса бастаған жаңа экономикалық стратегия елдің экономикалық дамуында маңызды бетбұрысты сәт болмақ. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі экономист әрі халықаралық саясат сарапшысы Аслан Азимзадені Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен келешегі жайлы сөзге тартқан еді.
10.03.2023 16:56 Биыл Қазақстан мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданады – Роман Василенко АСТАНА. ҚазАқпарат – БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл «Ақтау-Баку» бағытында мұнай тасымалдау іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 20:37 Әзербайжанда Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының құрылысы басталды БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Республикасының Физули қаласында әйгілі қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының іргетасы құйылды. Салтанатты шараға қатысқан аталған елдің лауазымды тұлғалары мен кешенді салатын қазақстандық компания өкілдері нысанның маңызына тоқталып, Қазақстан тарапы ұсынған бұл сый бауырлас халықтың жадында сақталатынын айтты. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі балаларға арналған орталықтың болашақ көрінісі мен мүмкіндігі қандай болатынын анықтап көрді.
02.03.2023 14:48 Қазақстан Әзербайжаннан жеміс-жидек әкелуге қатысты заңды мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат «Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 16:56 Әзербайжандықтар Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті БАКУ. ҚазАқпарат – Бүгін Әзербайжанда «Су сейсенбісі» мейрамы тойланып жатыр. Жергілікті халық үшін бұл Наурызға дайындықтың басы болып есептеледі, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
13.02.2023 18:37 Әзербайжан жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек көрсетуді жалғастыруда БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.02.2023 21:52 Қазақстан мен Әзербайжан арасында 2022 жылы сауда айналымы 39%-ға өсті БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 461,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп (332,2 млн доллар), делінген ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының есебінде. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі хабарлайды.
02.02.2023 10:25 Қазақстан мен Әзербайжан – ежелден энергетикалық әріптестер БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан өзін Оңтүстік Кавказдың жетекші экономикасы деп білсе, Қазақстан өзін Орталық Азияның жетекші экономикасы деп есептейді. Әлемде тербелмелі жағдай қалыптасып, жаһандық және ұлттық логистикалар бұзылып жатқан шақта қос елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті артып отыр. ҚазАқпарат тілшісі бұл ынтымақтың ертеңі қандай деген сауалға жауап іздеп көрді.
30.01.2023 08:30 Әзербайжан Ирандағы елшілік жұмысын толық тоқтатты БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжандағы Иранның дипломатиялық қызметі толығымен тоқтады. Trend.az жазуынша, бұл туралы журналистерге Әзербайжанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.01.2023 20:03 Әзербайжан Ирандағы елшілігі қызметкерлерін эвакуациялауды аяқтауға жақын АСТАНА. ҚазАқпарат – Тегерандағы дипломатиялық мекемеге жасалған қарулы шабуылдан кейін Әзербайжан Ирандағы елшілігі қызметкерлерін эвакуациялау шараларына кіріскен болатын. Елдің сырты істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаде эвакуациялау аяқталып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат haqqin.az-ға сілтеме жасап.
27.01.2023 21:06 ҚР Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптады АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегерандағы Әзербайжан елшілігінде болған жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.01.2023 10:16 Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
11.01.2023 14:58 Қазақстан Әзербайжанға 200 мың тонна астық пен бұршақ дақылдарын экспорттап жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.01.2023 18:42 Екібастұзда су құбырындағы апат салдарын жоюға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Екібастұздағы апат салдарын жоюға жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
27.12.2022 22:45 Әзербайжанда Қазақстаннан келетін туристер саны екі есе артқан БАКУ. ҚазАқпарат – Биыл 11 айдың ішінде 2,5 мың қазақстандық Әзербайжан еліне саяхаттап барған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әзірбайжанның туризм туралы мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.
24.12.2022 16:26 Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.