Әзербайжан жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек көрсетуді жалғастыруда

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзербайжан құтқарушылары жер сілкінісі болған аймақта 51 адамды құтқарып, 613 адамның денесін шығарып, тиісті органдарға жеткізді.

Елге Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған екінші жылжымалы мобильді ауруханасы келіп жетті.

Өткен күндері ауруханада 215 адамға медициналық қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, 100-ден астам әзербайжандық ерікті жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету, гуманитарлық көмек тарату және логистиканы ұйымдастыру үшін Түркияға аттанды.

Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Хатай, Адыяман, Газиантеп, Қахраманмараш және Шанлыурфа провинцияларындағы жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да арнайы көліктерді бензин және дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, «SOCAR» апат аймағынан 373 Әзербайжан азаматын эвакуациялауда қолдау көрсетті.

Компанияның 25 қызметкері, соның ішінде үш дәрігер іздеу-құтқару жұмыстарына тікелей қатысуда. Қайырымдылық акциясы аясында Әзербайжан ABB банкі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға 1 млн манат аударды. Қаражат Түркия Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) есепшотына аударылды.

6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Қахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында 7 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісі елдің бірнеше провинциясында үлкен шығын әкелді. Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 31 643 адамға, ал жарақаттанғандар саны 158 168 адамға дейін өсті.


Фото: Анадолу Агенттігі



Соңғы жаңалықтар