Әзербайжан тұрғыны кластерлік бомбаға ұрынды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - 12 шілдеде Әзербайжандағы Физули облысының азат етілген аумағында кластерлік бомба жарылып, салдарынан бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Аудандық прокуратураның мәліметінше, Körpü-Bina-Construction (Мост-Билдинг-Строй) серіктестігінің жүргізушісі, Евлах ауданының тұрғыны, 1987 ж.т. Гараханбейлі ауылы аумағындағы Халилов Эльшан Эйваз оғлы кластерлік бомбаға ұрынды. Оқ-дәрінің жарылуы салдарынан Халилов әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Дәрігерлер зардап шеккен Эльшан Халиловтың өмірін сақтап қалды. Оған шұғыл көмек көрсетілген. Кеуде қуысының сол жақ бөлігінде көптеген сынықтары бар пациент Бакуге эвакуацияланатын болады.

Қазіргі уақытта Физули аудандық прокуратурасында осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, бұған дейін Әзербайжандағы Физули облысының тұрғындары, Қарабаққа келуге тыйым салуды бұзған Нуру Нуруев пен Элнур Гашимов 8 шілдеде минаға ұрынып, ауыр жарақат алған болатын. Кейіннен Нуриев қайтыс болды, ал Гашимов екі аяғынан айырылды. Әзербайжан Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап Қарабахта әскери қимылдар тоқтағаннан соң бүгінгі күнге дейін 29 әзербайжан азаматы, оның ішінде жеті әскери адам мина жарылысынан қаза тапты. 86 сарбаз және 32 бейбіт тұрғын жараланды.


Соңғы жаңалықтар