Әзербайжан сарапшылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетістіктерін атады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің жетістігі ретінде оның қоғам алдындағы ашықтығын, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударатындығын атап өтуге болады. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» тілшісімен әңгіме барысында әзербайжандық саясаттанушы Тофик Аббасов айтты.

«Президент Тоқаев ерекше шешімдер қабылдауға қауқарлы өткір дипломатияның шебері. Ол тепе-теңдік үрдісін өте шебер ұстанады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы теңгерімді қолдауға, билік тармақтары арасындағы қатынастарды сауатты реттеуге, сондай-ақ отандастарының инновациялық әлеуетін ашу үшін қажетті берекелі тіректің қалыптасуын ынталандыруға мүмкіндік береді», - деді Т. Аббасов.

Сарапшының сөзіне қарағанда, бір жылда Президент Тоқаев ұлттық дамудың стратегиялық әрі тактикалық мақсаттарын нақты білетінін ел халқына дәлелдей алды. Осы орайда ұлттық қоғамның талқысына тағдыршешті проблемаларды шығаруы, ұжымдық талқылаулар жүргізу мен ашықтық жағдайында шешімдер қабылдауды назарға ала отырып, Мемлекет басшысының азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қаншалықты мүдделі екенін байқауға болады.

Тофик Аббасовтың атап өтуінше, билік пен халық арасындағы сенім факторы үнемі маңызды рөлді ойнайды.

Өз кезегінде Халықаралық қатынастар анализі орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиев ел Президенті ретінде Қ. Тоқаевты сайлау сәтінен бастап Қазақстанда өткен жылдағы негізгі жетістік мемлекеттегі саяси тұрақтылық екенін қадап айтты. Республика тұрған геосаяси жағдайды ескере отырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету ел үшін, сондай-ақ барша өңір үшін аса маңызды.

Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов Қазақстан Президенті лауазымында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің барлық өңірлеріне барып, кәсіпорындардың, оқу орындарының, ауыл шаруашылығы кешендері мен басқа да нысандардың жұмысымен танысқанын еске салды.

Оның пайымынша, ҚР Президентінің тұжырымы мен шешімдері өте салмақты әрі жеке тәжірибесіне сүйене отырып жасалуда.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында алдағы жылдарға белгіленген басымдықтар қойылды, оның ішінде медициналық инфрақұрылымды дамытуға екпін жасалды. Сонымен қатар, білім беру жүйесіне, ғылымға, адами капиталды дамытуға қатысты маңызды мәселелер көтерілді», - деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар