Әзербайжан Республикасының Президенті Түркі кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 2019 жылдың 16 сәуірiнде Әзербайжанға ресми сапармен келген Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевтi қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркі кеңесінің баспасөз қызм етіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жүздесу барысында Бас хатшы Бағдад Әміреев Түркі кеңесінің жүргiзiп жатқан жұмысы туралы баяндады. Бұдан бөлек, 2019 жылы 3 қазанда Әзербайжанда өтетін және Нахчыван келiсiмiнің 10 жылдығы аталып өтетiн Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне дайындық, саммит аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабарлады.

Бас хатшы Әзербайжанның Түркі кеңесінiң мүше мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық үдерісіне қосқан үлесі және белсенді қатысқаны, сондай-ақ Кеңестiң жұмысына үздiксiз қолдау көрсеткенi үшiн жоғары мәртебелi Ильхам Әлиевке алғысын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекет басшыларының Түркi ынтымақтастығының экономикалық өлшемдерін кеңейту туралы шешімдерінің орындалуын талқыланды. Тараптар инвестициялық қор құруға байланысты соңғы өзгерiстер мен Түркiтiлдес мемлекеттердiң бiрлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құруды аяқтау жөнiнде атқарылып жатқан жұмыс туралы пiкiр алмасты.

Президент Әлиев мүше емес мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайту және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Кеңестің әлемде танымалдығын арттыруға бағытталған Хатшылықтың барлық шараларын толық қолдайтындығын бiлдiрдi.

null

Соңғы жаңалықтар