+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Әзербайжан Президенті Түркі Кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

2019 жылғы 8 қазан 12:23
Бөлісіңіз:
Әзербайжан Президенті Түркі Кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кіретін болды

Бас хатшы Б.Әміреев Президент Әлиевті жақында Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің президенттерімен жүргізген сұхбаттары, сондай-ақ 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші саммитіне дайындық туралы хабардар етті. Саммитпен тұспа-тұс келетін Түркі Кеңесі құрылуының 10 жылдығына да тоқталып, осы тұрғыда ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Бас хатшы сондай-ақ Президент Әлиевке Түркі Кеңесінің күн тәртібіне елеулі қолдау көрсеткені және ұйым аясындағы ынтымақтастық процесіндегі Әзербайжанның сындарлы және белсенді рөлі мен түркітілдес мемлекеттер арасындағы көпжақты қатынастарды дамытқаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде И. Әлиев алдағы Саммиттің ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол Өзбекстанның Түркі Кеңесіне қосылуына және 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Мажарстанда (Будапешт) Түркі Кеңесінің еуропалық кеңсесінің ашылуына қатысты қуанышын білдірді. Бұл кеңсе Кеңестің Еуропалық Одақ елдерімен және басқа да Еуропадағы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған.

Жүздесу барысында Президент пен Бас хатшы мемлекет басшыларының Түркі ынтымақтастығының экономикалық ауқымын кеңейту жөніндегі шешімдерінің орындалу барысын талқылады. Осыған байланысты Бас хатшы Б.Әміреев Өзбекстан үкіметінің ұйымдастыруымен өткен Түркітілдес мемлекеттердің Біріккен сауда-өнеркәсіптік палатасының І Бизнес және инвестициялық форумының нәтижелері туралы баяндады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT