Әзербайжан Президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Осы қайғыға байланысты өз атымнан және Азербайжан халқы атынан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер мен жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз»,-делінген Әзербайжан басшысының көңіл айту хабарламасында.

Қайғылы оқиға белгілі болғаннан кейін Әзербайжандағы ҚР Елшілігіне бауырлас елдің түрлі саладағы өкілдерінен, оның ішінде қоғамдық-саяси, іскер топ, сондай-ақ қарапайым жандардан көңіл айтқан хабарламалар түскен. Олар да зардап шеккендердің тезірек жазылып шыққандарын тілейді.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Автор:

Бекбау Тайманов

Бекбау Тайманов


Соңғы жаңалықтар