Әзербайжан Президенті Астанаға ұшып келді

None
Photo: t.me/bort_01
АСТАНА. ҚазАқпарат –«Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Астанаға келді. Аздаған уақыттан соң ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан Президентін әуежайдан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов күтіп алды.

Еске салайық, Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде ресми сапармен келетінін бұған дейін жазған болатынбыз.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.

Қос Президенттің кездесуін Silk Way арнасы 14.50-де тікелей эфирден көрсете бастайды.


Соңғы жаңалықтар