Әзербайжан парламенті медициналық маска тақпағандарға салынатын айыппұлды бекітті

None
None
БАКУ. TREND – ҚазАқпарат - Милли Меджлистің кезектен тыс сессиясындағы бүгінгі отырыста коронавирус пандемиясы кезінде медициналық маска тақпағандарға айыппұл салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты үшінші оқылымда Әкімшілік әрекеттер туралы кодекске түзету енгізу талқылауға шығарылды. Өзгеріске сәйкес, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға байланысты тиісті атқарушы билік органы белгілеген талаптарды бұзғаны үшін, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың осы талаптарды бұзудың жолын кеспегені үшін жеке тұлғаларға - 50 манат, лауазымды тұлғаларға – 100 манат (24 135 теңге), заңды тұлғаларға - 200 (48 270 теңге)манат көлемінде айыппұл салынады.

Карантин режимі аяқталғанға дейін осы ережені қайта бұзған адамдар - 100 манат, лауазымды тұлғалар – 200 манат, заңды тұлғалар – 400 манат айыппұл төлейді.

Өзгеріс талқылаудан кейін дауыс беруге шығарылып, қабылданды.


Соңғы жаңалықтар