16:20, 21 Сәуір 2018 | GMT +6
Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті
БАКУ.ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан парламенті пленарлық отырыста елдің жаңа премьер-министрі ретінде президенттің сыртық саясат бойынша көмекшісі Новруз Мамедовтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» тілшісі.
Н.Мамедовтың кандидатурасын ел президенті Ильхам Әлиев ұсынған. Премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдағаннан кейін мемлекет басшысы қалған үкімет мүшелерін тағайындайды.