Әзербайжан ОСК алдын ала мәліметі: Ильхам Әлиев 86,09% дауыс жинады

None
None
БАКУ. Қазақпарат - Әзербайжанның орталық сайлау комиссиясы елдегі кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның ӘР-дағы меншікті тілшісі.

Бюллетендердің 65%-і қаралды. Нәтижесінде елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев сайлаушылардың (2 290 486) 86,09% дауысын иеленгені мәлім болған. Гудрат Гасангулиев - 3,04%, Араз Ализаде - 1,4%, Фарадж Гулиев - 1,18%, Рази Нуруллаев - 0,74%, Хафиз Гаджиев - 1,51%, Захид Орудж - 3,07%, Сардар Мамедов - 2,97% дауыс жинаған.

Еске сала кетейік, 11 сәуірде Әзербайжанда президенттік сайлау өтті.

Президенттік сайлауға 8 кандидат қатысты. Оның 6-ауы саяси партиялар атынан ұсынылды. 1-еуі - өзін-өзі ұсынған үміткер, енді біреуі бастамашыл топтың атынан қатысты.

Соңғы жаңалықтар