Әзербайжан Орталық Азия елдерімен кеме қатынасын интеграцияламақ

None
None
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат - Баку қаласының кемжайы мен Орталық Азия кемежйлары PCS (кемежай инфрақұрылымын басқару) бағдарламасы бойынша ынтымақтастық аясында ақпараттық жүйелерін бірыңғай платформаларға интеграциялауда. Бұл туралы Port Of Baku Стратегиялық жоспарлау және даму депарментінің бастығы Худаяр Гасанли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Орталық Ази елдерінен бөлек, біз сондай-ақ өзіміздің ақпараттық жүйелерімізді Батыс порттарымен де интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні интеграция процесі жарым-жартылай іске асырылған. Жүк автомобильдері шекара бақылауынан өткен кезде, кеденнен өту процесін жеңілдетілген үлгіде жүзеге асырады. Сондай-ақ осыған ұқсас жұмыстар теміржолдарда да жүргізілуде, ілкі жобаларда басталып кеткен. Шығыс бағыттағы порттармен де интеграциялау жоспарда бар», - деді Гасанли.

Департамент бастығы осыған ұқсас жұмыстар түрікмен тарапымен де жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Кейбір қиындықтарға қарамастан, біз алдағы уақытта үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді салып отырмыз. Әлемдік практикада порттық ақпараттық жүйелердің басқа порттардың жүйелерімен интеграцияланатын осыған ұқсас жағдайлар өте аз», - деп атап өтті ол. Бұл жобаның іске асырылуы шекара бекетінде болу уақытын қысқартады.

«Келе жатқан көлік түрі, оның жүгі, кейінгі бағыты, тағы басқа ақпаратты алдын ала аламыз», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар