Әзербайжан мен Қазақстан бір-бірінің инфрақұрылымын толықтыруы тиіс – Ильхам Әлиев

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан мен Қазақстан бір-бірінің инфрақұрылымын толықтыруы тиіс. Мұндай пікірді бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар біз өнеркәсіптік кооперациямен байланысты мәселелерді де талқыға салдық. Экспорттық-импорттық операциялар тізілімін, оның ішінде экспорттық-импорттық әлеуетті одан ары жүзеге асыруға арналған тапсырыстарды кеңейту мәселелері бар», - деді Ильхам Әлиев.

Оның атап өтуінше, екі елдің арасындағы тауар айналымын арттыруға қатысты цифрларды шынайы түрде жүзеге асыруға болатындығын баса айтты.

«Әрине, біз бір-біріміздің инфрақұрылымызды, өнеркәсіптік әлеуетімізді толықтыра түсуіміз қажет. Бір-бірімізге жеткізу арқылы тауар айналымын арттыра аламыз. Бүгін ортамерзімді келешекте тауар айналымымызды 1 млрд долларға жеткізу туралы цифр жария етілді. Меніңше, мұны қол жеткізілген уағдаластықтар аясында толықтай жүзеге асыруға болады. Оған қысқа ғана уақыттың ішінде қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Ең бастысы ынтымақтастықты нығайтуға ортақ өте позитивті ниет бар», - деді Әзербайжан Президенті.


Соңғы жаңалықтар