Әзербайжан мен Армения бейбітшілік туралы шарттарды дайындауды бастамақ

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сыртқы істер министрлеріне болашақ бейбітшілік туралы шартты дайындаумен айналысуды тапсыруға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропалық Одақ Кеңесінің президенті Шарль Мишельдің Ильхам Әлиев пен Николас Пашинянмен болған үшжақты кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдемесінде айтылды.

Еуропалық Одақ Кеңесінің президенті Шарль Мишель Оңтүстік Кавказ аймағындағы жағдайды және ЕО-ның екі елмен қарым-қатынасын дамытуды талқылау үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Республикасының премьер-Министрі Никол Пашинянды қабылдады. Чарльз Мишель ЕО-ның Армениямен және Әзербайжанмен ынтымақтастықты тереңдетуге, шиеленісті еңсеруде тығыз ынтымақтасуға және аймақта тұратын барлық тұрғындардың игілігі үшін қауіпсіз, тұрақты, бейбіт және гүлденген Оңтүстік Кавказды құруға көмектесетінін айтты.

Ол сонымен қатар сенім мен бейбітшілік қатар орнауы үшін екі жақтың гуманитарлық қимылдарының маңыздылығын атап өтті.

Аrmenpress агенттігінің хабарлауынша, кездесуде 2020 жылғы 9 қарашадағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы, 2021 жылғы 26 қарашадағы үшжақты мәлімдемелер шеңберінде, сондай-ақ 14 желтоқсандағы Брюссельде өткен үшжақты кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2021 жылғы 26 қарашада Сочиде қол жеткізілген Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі екіжақты комиссияның уағдаластығына сәйкес сәуір айының соңына дейін шекара бойындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар