Әзербайжан мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді қарастырып жатыр

None
None
БАКУ. Trend-ҚазАқпарат – Әзербайжанда мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект енгізу мәселесіне назар аударылып отыр, Бұл туралы Әзербайжанның Инновациялар эспорты жөніндегі консорциумының атқарушы директоры Фарид Кязимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жасанды интеллект соңғы жылдары жоғары технологиялар саласының басты тақырыбына айналған.

«Бұған сәтті және сәтсіз жасалған көптеген мысал бар. Бірақ жасанды интеллект көбіне қателіктің құны қымбат болмайтын бизнесте белсенді қолданылады», - деді Кязимов.

Ол ел үкіметінің жасанды интеллект тақырыбын сақтықпен қолға алғанын атап өтті.

«Елімізде осындай технологияларға көңіл бөлініп отыр. Сәуір айында Әзербайжанда мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект енгізу тақырыбындағы онлайн конференция өткен. Мұндай инновациялар Әзербайжанда қолданылады, бұл процесті тоқтату мүмкін емес», - деді атқарушы директор.

Оның айтуынша, егер жасанды интеллекті қолдану пайдалы бағыттар туралы сөз қозғалса, бұл тізімде бірінші кезекте білім беру, медицина, қаржы, көлік, бизнес әкімшелендірудің жекелеген сегменттерін (HR, заңды қызмет көрсету, бухгалтерия), сауданы атау керек.

«Бүгіннің өзінде әрбір қолданушы жасанды интеллектіге күн сайын тап болады, себебі көптеген әлемдік онлайн қызметтер осы технологияны белсенді енгізді. Бірақ нағыз алға ілгерілеуді 2028-2030 жылдарға қарай күтуге болады деп ойлаймын. Болжамға сәйкес, бұл кезде жасанды интеллект адам миының функционалына жақындауы әбден мүмкін», - деді Кязимов.


Соңғы жаңалықтар