Әзербайжан мәдени орталығы Арыстың 500 тұрғынына түскі ас берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы Әзербайжан мәдени орталығы Арыс қаласының зардап шеккен 500 тұрғынын түскі аспен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігінің Facebook парақшасында жария етілген видео материалда адамдардың арнайы контейнерлерге тамақ салып дайындап жатқаны бейнеленген.

«Шымкент қаласындағы Әзербайжан мәдени орталығы атынан бүгін Арыста зардап шегіп, мектептерге орналастырған 500 тұрғынын түскі аспен қамтамасыз ететін болады», - деп жазылған видео материалдың аңдатпасында.

Соңғы жаңалықтар