Әзербайжан Қазақстанға шарап экспорттайды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанға шарап экспорттауды бастамақ, деп хабарлайды Trend  Әзербайжан шарап экспорттаушылары мен өндірушілері қауымдастығының төрағасы Эльчин Мадатовқа сілтеме жасап.

«2018 жылдың соңына дейін Қазақстанға шарап экспорттауды бастамақшымыз. Сондай-ақ, Балтық маңы елдеріне, Украина және Беларусьқа экспортты кеңейту жоспарда бар. Олар Әзербайжан шарабын өткізу үшін әлеуетті ірі нарық болып табылады», - деді Э. Мадатов.

Э. Мадатовтың айтуынша, шарапты өндіретін және экспорттайтын компаниялар жаңа технологияларды ұдайы сатып алуда. Алдағы екі айда Әзербайжанда шарап өндіретін жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланып жатыр.

Айта кетейік, 2018-2025 жылдары Шарап өндірісін дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бұл ел 2025 жылға дейін экспортты бес есеге арттыруды жоспарлауда. 

Соңғы жаңалықтар