Әзербайжан халқының саны белгілі болды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан халқының саны 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 9 981 457 адамға жетті, деп хабарлайды Trend Мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, тұрғындардың 52,8 проценті қалаларда, 47,2 проценті - ауылдарда тұрады. Олардың 49,9 проценті ерлерді, 50,1 проценті әйелдерді құрайды.

Халық тығыздығы - әр шаршы метрге 115 адамнан.

Халықтың 4,6 проценті Нахичеванда, 22,8 проценті - Бакуде, 20,3 проценті - Аранда, 12,9 проценті - Гянджа-Газахта, 9,4 проценті - Лянкяранда, 30 проценті - елдің басқа да экономикалық аудандарында тұрады.

Соңғы жаңалықтар