Әзербайжан әуе қорғаныс күштерінің ұшағы Каспий теңізіне құлады

None
None
БАКУ. Trend-ҚазАқпарат – Кеше сағат 22:00-де Әзербайжан әуе қорғаныс күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлады, деп хабарлады бейсенбі күні Trend Әзербайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі оқу-жаттығу кезінде Әзербайжан әуе қорғаныс күштерінің МиГ-29 ұшағымен байланыс кенет үзіліп, ол радардан көрінбей кеткен.

Алдын ала нұсқа бойынша, әуе апаты салдарынан әскери ұшақ Каспий теңізіне құлаған.

Ұшқышты іздеу және құтқару шаралары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар