Әзербайжан астанасында соңғы 9 жылда болмаған аяз түседі

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат. – Қалың қар Әзербайжан тұрғындарының қозғалысын қиындатып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бакудың кейбір жолдарында қалың қар мен аязға байланысты көлік құралдарының қозғалысы қиындады.

Қаланың негізгі жолдарында ұзын-сонар кептелістер пайда болса, теміржол байланыстары айтарлықтай кешігіп жатыр. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ қатты көктайғақтың салдарынан көптеген апат орын алды.

Қазіргі уақытта көктайғақ салдарынан түрлі жарақат алған 12 адам Бакудың жедел жәрдемімен ауруханаға жеткізілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Баку полициясы жолдардағы жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін жүргізушілерді жеке автокөліктен уақытша бас тартуға шақырды. Сонымен қатар Баку қаласының билігі қалың қардың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.


«Бакуде 12 сағат бойы тоқтамай қар жаууда. Жауған қардың деңгейі – 18 мм. Бұл айлық норманың 90%-ын құрайды. Қаланың коммуналдық құрылымдары түннен бастап жолдарды қардан тазартуға кірісті. Техниканың көмегімен жолдарға тұз және арнайы химиялық заттар себіледі. Бұл жұмыс кесте бойынша күні бойы жалғасады», – деді Баку қаласының атқарушы билік ведомствосында.

Әзербайжан экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ұлттық гидрометеорологиялық орталығының директоры Умайра Тагиеваның айтуынша, қазіргі уақытта Бакуде 5 градус аяз, елдің таулы аймақтарында 15 градус аяз тіркелген, қардың көп бөлігі Әзербайжанның солтүстік аймағында түскен.


«Қазір бұл процестің шыңы байқалады, ал кешке қарай қардың қарқындылығы төмендейді. Егер өткен түнде ауа температурасы 4,8 градус аяз болса, осы түнде 8-9 градус аяз болады», – деп атап өтті У.Тагиева.

Гидрометеорологиялық қызметтің басшысы 2012 жылдың қысында температура 11 градус аязға дейін төмендеп, 1969 жылғы рекордты жаңартқанын еске салды. 2012 жылы 14 күн суық болып, ауа температурасы 0 градусты көрсеткен.

Сонымен бірге, Әзербайжанның ұлттық гидрометеорология қызметі 25 ақпанда таңертең Баку мен Абшерон түбегінде қар біртіндеп саябырсиды деп хабарлады. Күндіз Оңтүстік желге ауысатын солтүстік-батыстан жел соғады. Елдің аймақтарында қар саябырсиды, күндіз ашық болады. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтілуде.


Авторы: Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар