Әзербайжан Арменияның 8 әскери қызметкерін қайтарды

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 7 ақпанында Әзербайжан Арменияның сегіз әскери қызметкерін қайтарды. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Әзербайжанның әскери тұтқындар, кепіл тұтқындар және із-түзсіз жоғалған азаматтар істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олардың бір бөлігі – 2021 жылдың 16 қарашасында Кельбаджар бағытындағы мемлекеттік шекарада ұсталған әскери қызметкерлер», - делінген хабарламада.

Әзербайжан бұл қадамға жауап ретінде Армениядан бірінші армян-әзербайжан соғысы кезінде қаза тапқан Әзербайжан әскерилері мен азаматтары және олардың көмілген жерлері туралы ақпарат күтеді.

Атап өтейік, Армения аталған міндеттемені 4 ақпан күні Франция президенті Эммануэль Макрон, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, сонымен қатар Еуропалық одақ кеңесінің басшысы Шарль Мишельдің қатысуымен өткен бейнеконференция кезінде алған.


Авторы: Серикбол Кошмаганбетов

Фото: 1news.az

Соңғы жаңалықтар