«Азат» сауда үйіндегі өрт ауыздықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Азат» сауда үйінде шыққан өрт ауыздықталды. Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

«Ғимараттың 2-қабатындағы оргтехника мен жиһаздың өртенуі салдарынан қалың түтін пайда болып, өрттің сөндірілуін кешеуілдетті», - деп мәлім етті қалалық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Екатерина Журавлева.

Оның айтуынша, оқиға орнына 60 маман, 13 арнайы техника жұмылдырылды. «Өрт сағат 12.07-дер шамасында сөндірілді. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деп қорытындылады ТЖД қызметкері.

Соңғы жаңалықтар