+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Азат Перуашевқа жүргізушілер шекарадағы электронды кезектің олқылықтарын айтты

2020 жылғы 6 қараша 18:34
Бөлісіңіз:
Азат Перуашевқа жүргізушілер шекарадағы электронды кезектің олқылықтарын айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Азат Перуашевтың шекарада жүк көліктерін электронды кезекке қоятын жобаға көңілі толмады. Енді барлық олқылықтарды партия төрағасы Үкімет деңгейінде көтермек. Себебі, жыл басынан бері шекарада кезегін күткен жүк көліктердің саны азаяр емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақ-Қытай шекарасына барды.

Ол жерде «Nur joly» кеден бекетінде кезекте тұрған жүргізушілердің шағымын тыңдады. Бірнеше айдан бері сарғая кезектерін күткен жүргізушілер электронды кезектің де жұмысы көңілдерінен шықпағанын айтады. Яғни, жүргізуші кезегінің жылжығанын көріп отырады. Бірақ оның алдында және одан кейін қандай жүк көліктердің тұрғанын көре алмайды. Дәл осы жайт азаматтардың кезек дұрыс сақталмайды деп күдігін тудырған. Қазірдің өзінде 500-ге жуық көлік кезекте тұр.

Шағымдарды тыңдаған Азат Перуашев мәселені Үкімет деңгейінде көтеретінін жеткізді.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Алматы облысындағы «Nur joly» кеден бекетінде жүк көліктері толықтай электронды кезекке қойылатынын хабарлаған болатынбыз. Панфилов ауданының әкімдігі мәліметінше, бұл кезекпен «Euro Transit« ЖШС айналысуда.

Е лімізде пандемия басталған сәттен бастап «Nur joly» кеден бекетінде жүк көліктердің ұзын-сонар кезегі қалыптасқан болатын. Тіпті кезекте тұрған көліктердің ұзындығы 60 шақырымнан асты. Мәселенің күрделенуіне Қытай тарапының көліктерді қабылдауды күрт азайтқаны себеп болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT