Азат Перуашев ҚР Президентінің бастамалары турасында: Бүгінде саяси реформаларсыз, экономиканы ілгерілету мүмкін емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының мәлімдеген бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындағы Мемлекет басшысының ұсыныстары мен тапсырмалары «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін айтарлықтай оптимистік көзқарас әрі сенім ұялатты. Атап айтқанда, Президенттің жаңашылдық әрі азаматтық күш-жігермен жасалған бірқатар қадамдарына құрметпен қараймыз. Жалпы, бүгінде саяси реформаларсыз әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілету мүмкін болмайтындай жағдай қалыптасып отыр», - деді А. Перуашев тілшілерге берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, бұл бағытта жан-жақты пысықталған қадамдарға ерекше назар аударылып отыр.

«Бүгінде саясатты дамытпай, экономиканы дамыту мүмкін емес. Сондықтан саяси жүйедегі тың қадамдарға назар аударған жөн. Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешпестен саясатты ілгерілету де мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзі Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды айқын түсініп отырғандығының көрнекті дәлелі екенін байқауға болады. Осы орайда Президент өзінің шешімдерін ұсынды. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бірқатар маңызды тапсырмаларды бергеніне алғысымды айтамын және қуаныштымын», - деді А. Перуашев.

Депутат парламенттік оппозиция мәртебесін институтционалды бекіту туралы шешімге тоқталды.

«Менің ойымша, парламенттік опозицияның, азшылықтың базалық құқықтары Парламент регламенттерінде ғана емес, сонымен бірге заңнамалық тұрғыда бекітілуі тиіс. Сондықтан парламенттік азшылық партиялары жұмыс істеп жатқан осы объективті жағдайға түсіністік танытқан Президентке алғысымызды айтамыз», - деді Азат Перуашев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция институты қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Парламент туралы» Заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет.

Соңғы жаңалықтар