Азат елдің азат ұланы болу аса үлкен бақыт - Тәуелсіздіктің құрдасы Р. Медиев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Азат елдің азат ұланы болу аса үлкен бақыт, дейді алматылық азамат, Тәуелсіздіктің құрдасы Рамазан Медиев.

Ол бүгін өзінің туған күнін Отанының Тәуелсіздігімен қосып атап өтіп жатыр.

Рамазан 1991 жылы 16 желтоқсанда Алматыда туған. Медеу ауданындағы №99 мектепте оқып, кейін Алматы экономикалық колледжінде білімін жалғастырады.

«Мен үшін Тәуелсіздіктің құрдасы болу үлкен абырой, жауапкершілік. Бүгінде тек қана ата-анамның ғана үмітін ақтап қоймай, елімнің алдындағы парызымды өтеуді мақсат тұтамын. 2001 жылы Алматы әкімдігі біздерді құттықтап, дербес компьютер сыйлаған кезде өзімнің киелі күнде туғанымды түсіндім», - деді Рамазан.

Рамазан Медиев қазір банктердің бірінде менеджер болып қызмет атқарады. Осы қызметінде өсіп, Қазақстан экономикасының дамуына қол ұшын тигізуді армандайды.

Сондай-ақ, өмірінің басты мәні өзінің отбасы мен 1,5 жастағы Ясмин есімді қызы екендігін жеткізді.

«Мен өз мамандығымда кәсіби біліктілігімді шыңдап, жетілгім келеді. Менің қызметімнің Отаныма пайдасы тигенін қалаймын. Қазақстан талай қиындықты басынан өткерді. Азаттықтың ақ таңы ату үшін қаншама қан төгілді. Азат елдің азат ұланы болу үлкен бақыт біле білген адамға», - деп қорытындылады ол сөзін.

Соңғы жаңалықтар