Азаптау және қатыгездік туралы істердің көпшілігі сотқа жетпейді - Мәулен Әшімбаев

None
Фото: senate.parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азаптау туралы заң жобасын қарау барысында Ішкі істер министрлігі басшысына қылмыстық-атқару мекемелері мен полицияның қызметтік ғимараттарына міндетті түрде бейнебақылау орнату туралы ережені заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М. Әшімбаев құқық қорғау органдарының ғимараттары бейнебақылауда болатыны және барлық іс-әрекеттер тіркелетіні туралы жақында қабылданған ереже маңызды және уақтылы болғанын атап өтті. Бұл тәсіл белгілі бір адамдарға заңсыз әрекеттердің қолданылғанын дәлелдеуге көмектесетін болады.

«Біз Қылмыстық кодекске азаптағаны үшін жазаны күшейтетін ережелерді енгіздік, бұл өте дұрыс. Құқық қорғау органдарының әрекеттеріне, кейбір қызметкерлердің зорлық-зомбылығына қатысты көптеген шағым түсетінін айта кету керек. Сенатқа да ондай шағымдар келіп жатыр. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істердің басым көпшілігі сотқа жетпейді, өйткені зорлық-зомбылық, азаптау және басқа да фактілерді дәлелдеу, анықтау өте қиын. Осыған байланысты, біз жақында ғана прокуратурамен бірлесіп құқық қорғау органдарының барлық қызметтік ғимараттарына бейнебақылау орнатуды талап ететін ереже қабылдағаныңызды білеміз», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында

Осыған дейін Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарында бейнебақылауда көрінбейтін жерлер болмауы тиіс екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар