Азаматтық қорғау саласында дербес мемлекеттік орган құрыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта азаматтық қорғау саласында дербес мемлекеттік орган құру асығыстық болады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 25 ақпанында Үкімет отырысында орталық және атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды. Оның нәтижелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, 11 ақпанда Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының 2020 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында тұр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр апта сайын қабылданып жатқан шаралар туралы мемлекеттік органдардың есептерін тыңдайды.

«Қауіпсіздік кеңесі отырысының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 18-21-02.2 хаттамасымен Үкіметке мемлекеттік аппараттың жинақылығын қамтамасыз ету және тиімсіз шығыстарды қысқарту мақсатында оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды. Осыған байланысты, азаматтық қорғау саласында дербес мемлекеттік орган құру мәселесі қазіргі уақытта асығыстық болып саналады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар