Азаматтық форумнан күтеріміз көп - қоғамдық бірлестік төрағасының пікірі

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Таяуда Астана қаласында өтетін Қазақстан азаматтық форумынан күтеріміз көп. Бұл туралы «БҚО оралмандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәңгір Ахметзада мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, форум делегаты ретінде өзін толғандырған сауалдарға жауап алуға мүмкіндік табылса, бір мақсаттың орындалғаны болар еді. «Мәселен, келесі жылдан бастап оралмандарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы  Батыс Қазақстан облысында да жүзеге асырмақ. Дегенмен қазірдің өзінде аталған бағдарламаға бөлінуге тиіс мемлекеттік қаржының әлемдік қаржы дағдарысына байланысты қысқаратындығы туралы алып-қашпа әңгімелер естіле бастады. Мұның өзі шындықпен қаншалықты сәйкес? Егер қаржы қысқартылса, қанша мөлшерге және мерзімге шегерілмек? Бұл - бір.

Екіншіден, Маңғыстау облысында оралмандарға арналған, тамаша бейімдеу орталығы бар. Тап сондай орталықтардың Қарағанды, Семей және тағы басқа қалаларда да жұмыс істеп жатқанынан хабардармыз. Бізде ондай орын жоқ. Дәлірек айтсақ, бар, бірақ ол уақытша орналасу ғимараты. Оның өзі қуықтай тар әрі ескі. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Аталған ғимарат республикалық меншікте болғандықтан, оған қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінуі тиіс. Сонымен қоса, келесі жылы да жалғасатын «Жол картасы» бойынша оралмандарға қатысты қандай жеңілдіктер жүзеге асырылады, соны да білгім келеді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар