Азаматтық форумда әріптестермен кездесіп, тәжірибе алмасудың маңызы зор

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Азаматтық форум сынды жоғары деңгейлі жиынға қатысып, осы салада еңбек ететін өзге әріптестермен кездесу, өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор.

Бұл туралы «Спешл Олимпикс Қазақстан» республикалық бірлестігі облыстық бөлімшесінің директоры Сергей Дмитрюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өзі жетекшілік ететін мекеме Батыс Қазақстан облысы бойынша таңдаулы ұжымдардың бірінен танылып отыр. «Мұның өзі бойға күш-жігер беріп, ертеңгі күнге деген сенімді нықтайды. Сондай сенімді біз  қамқорлығымызға алған мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің санасына да сіңіргіміз келеді.

Азаматтық форумның жұмысы күндері онда тоғыз «пікірталас алаңы» ашылмақ. Сондағы басқосуда ізгілік ісімен айналысатын біздің ұйымдардың шетелдік әріптестерімен тығыз байланысы және ЕҚЫҰ-ның осы салаға ықпалы туралы сөз қозғамақпын. Өйткені тек білгенімізбен шектеліп қалмай, әлемдік деңгейге шығып, шетелдік және ТМД мемлекеттеріндегі әріптестермен де өзара тиімді және жан-жақты байланыс орнатуымыз  қажет», деді С.Дмитрюк.

Соңғы жаңалықтар