Азаматтық форум экология саласындағы жұмыстар бойынша да бағыт-бағдар береді деп ойлаймын - қоғамдық ұйым басшысының пікірі

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Астана қаласында өткелі отырған ІV Азаматтық форум экология саласындағы жұмыстар бойынша да бағыт-бағдар береді деп ойлаймын.

Бұл туралы БҚО экологиялық ұйымдары қауымдастығының президенті Ғазиз Хаймулдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық ұйымдарға, аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерге қолдау көрсетіп келеді. Дегенмен кейбір маңызды жобалардың қалтарыста қалмағаны жөн. Мәселен, елімізде экологиялық тұрғыдан зардап шеккен адамдар жоқ емес, оларға көмек көрсету қажет-ақ. Сондай-ақ табиғат байлығын қорғау - барша адамның міндеті. Бұл ретте Батыс Қазақстанда Жайық өзені мен Шалқар көлі алдымен ауызға ілігеді. Соңғы жылдары өзен лайланып, Шалқар шегініп кетті. Оларды сақтап қалу - болашақ ұрпақ үшін де керек. Жабайы аңдар, олардың сирек кездесетін түрлері де азайып бара жатыр. Міне, форумда осындай мәселелер де қозғалып, тиісті шешімдер қабылданса, дұрыс болар еді.

Соңғы жаңалықтар