+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Брижит Бардо қорының өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 18 қазан 19:12
Бөлісіңіз:
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Брижит Бардо қорының өкілдерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату жөніндегі жұмыс шеңберінде, оларды азаматтық қоғамды дамыту тарту үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Брижит Бардо қорының өкілі Бриджит Олуамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға қатар жан-жануарларды қорғау жөніндегі жергілікті үкіметтік емес ұйымдар да қатысты.

Бриджит Олуа сапарының басты мақсаты – ұсынылатын әлеуметтік қызметтерді жетілдіру үшін жан-жануарларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың байланысын жолға қоюуға септесу.

Оның айтуынша, Қазақстан бүгінгі таңда жан-жануарлардың құқығын қорғауда қарым-қатынасты өзгертуге дайын. Брижит Бардо қорының өкілі сонымен қатар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі жан-жануарларды қорғауға бағытталған грант алушыларының жұмысына оң баға берді.

«Брижит Бардо қорына жан-жануарларға, әсіресе иттер мен мысықтарға қатысты қатігездік жасалатыны жөнінде Қазақстаннан көп сұрау түсетіндіктен, пандемияға дейін біз Президентке тиісті шара қабылдау жөнінде өтініш жолдаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің хатқа жауап беріп, қор жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанда жан-жануарларға деген қарым-қатынас өзгеруі керектігіне толық келісетінін білдірді», - деп атап өтті ол.

Бриджит Олуаның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс басталып кеткен

«Қазақстанда біздің қор Семейде ветеринарларды оқыту бойынша бағдарламаны іске асырып жатыр. Бүкіл Қазақстанның ветеринарлары стерилизацияны оқу үшін Семейге келеді, аталмыш бағдарламаны біздің қор қаржыландырылады», - деді ол.

Бриджит Олуа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттарын іске асыру шеңберінде волонтерлердің қызметімен танысқанын айты. «Волонтерлермен алынған гранттар шеңберінде өте жақсы әрі ауқымды жұмыс жүргізілгенін көріп отырмын. Осы іске жан-жануарлар мен қоғамға көмектесуге асық әрі осы мақсатқа жету үшін өз мүмкіндігін ұсынуға дайын көп адамның, ниет түзу адамдардың тартылғанын көргеніме қуаныштымын», - деді Бриджит Олуа.

Кездесу барысында меймандар орталықтың қызметімен, оның ішінде жан-жануарларды қорғауда «Birgemiz: Ayala» гранттық жобасының бірнеше нәтижесімен танысты, сондай-ақ «Адамға – ит дос» фотокөрмесін тамашалады.

Осылайша, бүгінгі күні жан-жануарларға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржыландыруымен «Қазақстанның волонтерлер лигасы» ҚҚ «Birgemiz: Ayala» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диастың ақпараты бойынша, бір жоба шеңберінде волонтерлерді тарту ғана емес, сонымен қатар олар ветеринария, кинология және зоопсихология негіздерін оқиды.

«Жан-жануарларды қолдау тақырыбы Қазақстанның азаматтық қоғамы үшін өте маңызды мәселе. Біздің орталық «Birgemiz: Ayala» жобасы шеңберінде ақпараттық, әкімшілік және кез келген көмек пен қолдауды көрсетеді. Осы жоба аясында аталған бағыттар бойынша бастамаларды жүзеге асыру үшін 500 мың теңге көлемінде 5 шағын грант берілді.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған әлеуметтік жобалардың үздік тәжірибелерін жинау, сондай-ақ волонтерлерді ветеринария, кинология және зоопсихология негіздеріне оқыту және тарту арқылы зооволонтерлікті дамыту және танымал ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдастық топтары мен еріктілердің біздің «кіші бауырларымыздың» құқығын қорғау үшін біріккеніне қатты қуанады», - деді Лима Диас.

«Shiba Help Kz» бастамашыл тобының өкілі Жәмила Түскелдинова Брижит Бардо қорының өкілі Бриджит Олуамен кездескен сәттегі әсерін бөлісті. Оның пайымдауынша, кездесу сонымен қатар жануарлар құқығын қорғау туралы заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берген.

«Бізде және Қазақстанның түрлі қалаларынан келген паналау орындарының өкілдерінде жануарларға қатысты елдегі жағдай туралы пікірін айтуға мүмкіндік болды, біз өз азабымыз бен қажеттіліктерімізді айта алдық. Сондай-ақ, жақында ғана Мәжіліске енген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылауға өте жақсы мүмкіндік болды. Біз осы заңда қажетті пысықтауларды, сондай-ақ еліміздегі жануарлар проблемаларын шешу үшін ұйымдар тобының бірлескен жұмысының тиімділігін талқыладық», - деді Жәмила Түскелдина.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың бірқатар әлеуетті бағытын атап өтті, сонымен қатар жан-жануарларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуге келісті.

Айта кетерлігі, қордың қызметі Үкімет пен азаматтардың жануарларға қатысты саясатқа деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Ол қаңғыбас жануарлар проблемасына адамгершілік көзқарасты – зарарсыздандыру, чиптеу, вакциналау және жануарлардың құқықтарын кеңейту, сонымен қатар бүкіл әлемдегі үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетеді.

Қазақстанда қор Нұр-Сұлтандағы үйсіз жануарларға арналған «Мен тірімін» паналау орнына қаржылық көмек көрсетті, сондай-ақ Семей қаласындағы жануарларды тегін зарарсыздандыру бойынша «Төрт табан плюс» ҚҚ жобасын қаржыландырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT