Азаматтық бастамалар гранты ауыл тұрғындарына бағытталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Президент Әкімшілігіне ауылдарда азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жаңғыртудың басты факторы – азаматтық мәдениетті дамыту. Президент Әкімшілігінің алдында ауылдарда азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетігін әзірлеу міндеті тұр. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың өтініміне бейімдеп, ол гранттарды алу жолдарын жеңілдету маңызды. Бұл ауылдағы әлеуметтік белсенділікке серпін береді», деді Мемлекет басшысы Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ, Президент Жолдауында Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережеге көшуді жеделдетуді тапсырды.

«Соңғы кезде мемлекеттік шығыс міндеттемелерін жабу үшін бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан алынатын трансферттің арту тенденциясы байқалуда. Үнемі мұндай жеңіл жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес. Бюджеттің кірісін арттыру бойынша шаралар қажет екені анық. Бірақ бірінші кезекте мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылау керек. Ұлттық қор активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережені енгізуді жеделдету керек. Тиісті заңнамалық түзетулер жылдың соңына дейін қабылдануы қажет», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар