Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы артып келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия жне инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артып келеді. Республикада сала бойынша Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда, академия түлектері ИКАО стандарттарына және мамандар даярлау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес», - деді министр.

Министрдің атап өтуінше, сондықтан негізгі авиакәсіпорындар кадрларды өз бетінше оқытуға мәжбүр.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттеріміздің сұраныс деңгейін арттыру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі реформалау, сондай-ақ оқыту процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сәйкес келтіру мәселесін пысықтаудамыз», - деді Марат Қарабаев.


Соңғы жаңалықтар