Азаматтық авиация комитеті ұшақта жүк алып жүру ережелерін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті ұшақта жүк алып жүру ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, жолжүк пен қол жүгін алып жүру нормалары бойынша сұрақтар жолаушылар арасында ерекше өзекті.

Осыған байланысты «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ жолаушыларға арналған жиынтық ақпаратты және әуе көлігінде жолжүк пен қол жүгін алып жүру қағидалары бойынша жалпы ұсынымдарды жариялауды жөн көрді.

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңның 76-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес жолаушыларды, жолжүкті және жүктерді коммерциялық әуемен тасымалдау әуе билеті негізінде жүзеге асырылады. Бұл - жолаушының әуемен тасымалдау шартының талаптарымен танысқанын растау.

    Қол жүгі мен жолжүкті тегін алып жүрудің салмағын, өлшемдерін және нормаларын Әуе көлігімен жолаушы, багаж және жүк тасымалдау қағидаларының 59, 62-тармақтарына сәйкес авиакомпания белгілейді.

    Багажды тіркегеннен кейін авиакомпания оның сақталуына жауап береді. Жолаушыға жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын жолжүк жеткізу бекетінде алынғанға дейін сақтау керек.

    Жолжүк кешіктірілген, жетіспеген, бүлінген немесе жоғалған жағдайларда, сондай-ақ багаж түбіртегі мен жолжүк нөмірі бар бирканың үзбелі талонын көрсетпей жолжүк берілген жағдайда тасымалдау кезінде ақаулық туралы акт толтырылады.

    Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтар қатарындағы жолаушылар жеке пайдалануға арналған зембілдерді және кресло-арбаны өзімен бірге жолжүк ретінде қосымша тегін алып жүре алады.

      Жолжүкті, қол жүгін, сондай-ақ арнайы жолжүкті алып жүру қағидалары мен нормалары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат авиакомпаниялардың ресми веб-сайттарында жарияланады.

          «Ішкі рейстерде жолжүкті тасымалдау кезінде туындаған даулар жергілікті заңнама шеңберінде қаралады. Халықаралық бағыттар бойынша шарт шеңберінде авиакомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігі қатысушы авиатасымалдаушылардың қағидаларымен реттеледі және туындаған барлық даулар қатысушы тарап мемлекеттері ратификациялаған конвенциялар мен халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес қаралады» делінген хабарламада.


              Соңғы жаңалықтар