Азаматтық авиация комитеті Астана-Ыстамбұл рейсінің 30 сағатқа кешігу себебін түсіндірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Азаматтық авиация комитеті Астана-Ыстамбұл бағытындағы РС-229 рейсі ұшу уақытының неліктен 30 сағатқа кешіккендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 26 қарашасындағы «Pegasus Airlines» әуе компаниясының Астана-Ыстамбұл бағытындағы РС-229 рейсінің ұшу уақыты техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты 30 сағатқа кешігуде. 27 қазан күнгі сағат 11-00-дегі жағдай бойынша рейстің ұшуы техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр», - деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінен.

Комитет мәліметінше, рейсі кешіктірілген жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, рейс кешіккен кезінде көрсетілетін қызметтер (сусын, ыстық тамақ, қонақ үйге орналастыру) ұсынылған.

«Азаматтық авиацияның басты басымдығы – бұл ұшулардың қауіпсіздігі», - деп атап өтеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар