Азаматтық алмаған қандастарға «оралман» мәртебесін ұзарту жыл соңына дейін жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы «оралман» мәртебесін ұзартудың жеңілдетілген тәртібі бойынша уақыты өткен куәліктерге қатысты акция жүріп жатқанын еске салады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қоры» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылдың 16 наурызында тарихи отанына келген, бірақ азаматтық алуға үлгермеген «оралман» мәртебесін ұзарту акциясы басталған болатын. Оралмандарға қазақстандық азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алу құқығы берілген. Оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.Бұл ретте азаматтық алуды үлгермеген этникалық қазақтарға акция шеңберінде «оралман» мәртебесі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Мәртебе мерзімі өтіп кеткен оралмандар өз облысының немесе Республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жүгіне алады», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, акцияның уақыты шектеулі. Сондай-ақ, сапалы қызмет көрсету мақсатында аталған мәселе бойынша өтініштің көшірмесін кейіннен бақылау үшін тұрғылықты жер бойынша Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы филиалдарына жіберу сұралады.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша байланыс орталығынан алуға болады:

  • 1404 (Барлық қазақстандық мобильді операторларға қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)
  • 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)
  • +7 7172 98 14 04 (қоңыраулар қалалық нөмірлерден Қазақстан бойынша тегін жүзеге асырылады, шетелден шетелдік байланыс операторының тарифі бойынша)
  • +7 701 000 14 04 (WhatsApp пен Telegram хабарламалары үшін)
  • E-mail: [email protected]
  • Skype: [email protected]

Сондай-ақ, аймақтардағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалдарына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар