Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ.

Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет», деп жазды Мемлект басшысы Twitter-де.


Соңғы жаңалықтар