Азаматтарға жаңа міндеттер белгілейтін нормалар 60 күн күшіне енбейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтарға жаңа міндеттер мен талаптарды белгілейтін нормалар кем дегенде 60 күн күшіне енбейді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтарды жаңа реттеуге дайындау үшін мемлекеттік органдардың нормаларды қолданысқа енгізуді кемінде 60 күнге кейінге қалдыруды көздеу міндеті енгізілді», - деді Әділет вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, бұл азаматтар заңның жаңа талаптарымен танысып, оларды жүзеге асыруға дайын болуы үшін жасалуда.

«Мысалы, егер өндірісте пештер мен қазандықтарды есепке алуды белгілеу қажеттілігі туралы норма енгізілетін болса, онда мұндай норма бизнеске реттеудің жаңа түріне дайындалуға мүмкіндік бере отырып, бірден жұмыс істемейді», - деді Наталья Пан.


Соңғы жаңалықтар