Азаматтардың өмір сапасы мемлекеттік аппараттың тиімділігіне байланысты - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты. Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін!»-делінген ҚР Президентінің twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізіп, күнтізбеде Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесі пайда болды.

Соңғы жаңалықтар