Азаматтардың мүмкіндіктерін жүйелі түрде кеңейтіп келеміз – депутат

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Альберт Рау Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында елдегі саяси реформалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси реформалар процесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын арттыру, баршаға тең мүмкіндіктер жасау жалғасып жатыр. Шығыс пен Батыстың көптеген елдерінде мүлдем басқа жағдай қалыптасса да, Қазақстан басқаларға үлгі көрсете отырып, қоғамның билікті бақылауын күшейту жолымен жүріп жатыр. Біз азаматтардың мүмкіндіктерін жүйелі түрде кеңейтіп келеміз», - деді депутат.

Оның айтуынша, Мәжіліске келіп түскен кезекті заң жобасы – Президент тапсырмасымен әзірленген «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң азаматтардың жергілікті жердегі мәселелерін шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, өзін-өзі басқару органдары ретіндегі мәслихаттардың рөлін күшейтуі тиіс.

«Осылайша, реформалар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз жасайды. Мықты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет – еліміздің негізгі қағидаты. Сайлау тек бастамасы ғана, өйткені жаңа Қазақстан өздігінен құрыла салмайды, бұл бәріміздің үлкен күш-жігеріміз», - деді Альберт Рау.


Соңғы жаңалықтар